Алғыс арқалаған тәртіп сақшылары

Шымкенттік тұрғындардың тәртіп сақшыларының қызметіне ризашылығы артуда. Таяуда жергілікті тұрғын жоғалған малын тауып берген тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді. Ағымдағы жылдың 3-қарашасында Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, ауласында тұрған бір бас бұқасын белгісіз тұлға жасырын түрде ұрлап кеткендігін жазып көрсеткен. Яғни, ірі қарасын өз бетінше іздеген тұрғын еш нәтиже болмағандықтан, тәртіп сақшыларына жүгінген.

         Хабарды алған полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жоғалған ірі қараны іздеуге кірісті. Сақшылар аулаларды аралап, көрген-білгендерден жауап алды, жақын аймақтарда орнатылған бейнебақылау камераларын жіті тексерді. Нәтижесінде, жоғалған 1 бас бұқа төрт сағаттың ішінде саяжай аумағындағы көшелердің бірінен тауып, иесіне жеткізді.

Өз кезегінде жергілікті тұрғын: «Бір бас бұқамды жоғалтып алып, тәртіп сақшыларына арызданған едім. Полицейлер жедел әрекет етіп, төрт сағат ішінде ірі қара малымды тауып берді. Сіздерге шексіз алғысымды білдіремін»,-деп ризашылығын жеткізді.

Қаратау ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары тұрғындар мен мал иелеріне барымташының құрбаны болмас үшін малдарын қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ таңба мен ен салуды және мал ұрлығы орын алса «102» арнасына хабарлауға кеңес береді.

         Бұдан бөлек, тағы бір азамат  көліктің 4 дана доңғалағын тауып бергені үшін полиция қызметкерлеріне көңілі тоқ екенін жеткізді.        Қаратау ауданы Полиция басқармасына «102» арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, ауласында тұрған көліктің 4 дана доңғалағын белгісіз тұлғалар жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, Қаратау АПБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ер азамат анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Ұрланған заттар заңды иесіне қайтарылды

         Өз кезегінде, жергілікті тұрғын тәртіп сақшыларына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.