Еңбекші АПБ мобильді топтары кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.
Коронавирустық инфекцияның алдын алу, таралу және жұқтыру қаупіне қарамастан, бірқатар мекемелер карантиндік шектеулерді жүйелі түрде бұзып келеді.
15-мамыр, түнгі уақытта Еңбекші ауданында орналасқан «Фишер» кафесі карантин талаптарына бағынбай жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды. Кафенің кіші залында 20 келуші арақашықтықты сақтамай жиын өткізгені белгілі болды.
Осы анықталған жайтқа қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Еңбекші ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданып, кафе әкімшісінен түсініктеме алынды.