Шымкентте жыл басынан бері карантин режимін бұзудың 1200-ден аса жайты анықталған

Шымкент қаласы Полиция департамент қызметкерлері – рейдтік іс-шараларды жүргізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, мониторингтік топ құрамында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтайды және тіркейді сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық фактісін растайтын материалдарды аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармаларға жолдайды деп хабарлайды Шымкент қаласының ПД.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтардан бастап 12 сәуір аралығында барлығы анықталаған карантин режимін бұзу жайтері – 1264.

Оның ішінде:

Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік конторалар – 405;

— Шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсімдік салондарда – 67;

— Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 166;

— Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда– 552;

— Басқада орындарда – 74.

Барлығы анықталған құқық бұзушылықтардың іс-құжаттары Шымкент қаласының аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармаларға өткізілуде.