Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің бас маманы Төлегенқызы Гүлмира ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында біліктілігін арттыру курсынан өтіп жатқан квазимемлекеттік ұйым қызметкерлірінің арасында түсіндіру шарасын өткізді деп жазады ntime.kz ақпараттық агенттігі ҚР СЖҚІА Түркістан облысы бйынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс шараның мақсаты — қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және Заңға енгізілген жаңа нормаларды түсіндіру.
Оқыту барысында Г.Төлегенқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге жаза бар екенін жан-жақты түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар мен Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып, әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбәр қызметкер өзінен бастау керектігін айтып, қызметшілерді әдепті және қарапайым болуға шақырды.
Шара соңында тақырыптық бағыттағы бейнеролик көрсетілді және сұрақтарға жауаптар берілді.