Түркістан полицейлері мерекеде оқушыларға сыйлықтар табыстады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түлкібас ауданының полицейлері «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Атап айтсақ полиция қызметкерлері тарапынан Түлкібас ауданына қарасты Құлан ауылында орналасқан А.Гайдар атындағы жалпы орта мектебінде оқитын жартылай жетім, көпбалалы, аз қамтылған отбасы балаларына түрлі сыйлықтар табысталды. Өткізілген жиынға мектеп директоры Мадияр Әбдихамитұлы, Түлкібас АПБ ЖПҚ инспекторы полиция майоры Айнұр Байжанисова қатысты.Өз кезегінде тәртіп сақшылары тарапынан қамқорлықты сезінген оқушылар аудан сақшыларына ізгі амалдары үшін алғыстарын жеткізіп, қызметтеріне табыстар тіледі. «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа жанашыр болуды да естен шығармаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады», — дейді түлкібастық полицейлер.

ТО ПД баспасөз қызметі