Келес ауданында жалпы 26 мың гектар суармалы егіс алқаптары бар. Биыл ағын судың тапшылығын жою мақсатында 1 038,2 га аумаққа су үнемдеу технологиясын ендіру жоспарланып отыр. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін су үнемдеу технологиясын сатып алған шаруаларға шығынның 80 пайызы субсидияланбақ. Сонымен қатар, Ошақты ауылдық округінің Сарыжылға елді мекені аумағынан 1 500 га жер телімі «Тurkistan» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының теңгеріміне беріліп, алдағы уақытта ауыл шаруашылығы саласында озық технологияларды ендіру жоспарлануда.
Өткен жылы ауданда жаңа технологияларды енгізу және ағын суды үнемдеу мақсатында 246,8 гектар жерге тамшылатып суару әдісі енгізілген. Сондай-ақ, алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып, жылына 2-3 өнім алу бойынша 320 шаруақожалық жалпы 1 655 гектарға егіс еккен. Айта кетейік, тамшылатып суару әдісінің басым бөлігі Ақтөбе, Алпамыс батыр, Бірлесу, Жүзімдік және Қошқарата ауылдық округтерінде енгізілген. Жалпы 98 агроқұрылым 246,8 гектар аумаққа тамшылатып суару технологиясын қолданады. Аталған технология ағын су тапшылығын жою және ағын суды үнемдеу мақсатында негізінен көкөніс және бау шаруашылығында қолданылады. Тамшылатып суару әдісін қолдану арқылы аудан аумағында ағын су тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызмет