Криминалистер күні мерекесінде Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 8 қызметкерді Тәуелсіз Қазақстанның криминалистикасы күні мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.Атап айтқанда, полиция капитандары Ришад Сейсебаев, Нұрбол Момынов, Серік Бекболатов пен полиция лейтенанты Нұрислам Мәтен және полиция сержанты Бауыржан Жалғасов марапатталды. Құқық қорғау қызметінде криминалистика саласынсыз қылмысты ашу мүмкін емес. Қылмысты кім жасады? Ол қашан, қай күні, тәуліктің қай мезгілінде болды? Осы және өзге де сұрақтардың барлығын анықтау криминалист мамандарының міндеті болып табылады. Яғни қандай да бір қылмыс орын алған аймақты жіті бақылап, ізбе-із іздеп, күмән тудырған ұсақ-түйектің барлығына мән береді. Осындай жауапты салада қызмет атқаратын полиция қызметкерлерінің бұл түрі бірінші орынға өздерінің атқаратын қызметтерін қояды. Күн демей, түн демей хабар жетісімен оқиға орнына аттанады. Сондықтан бізде осы сала қызметкерлерінің істеріне сәттілік пен шыдам тілейміз. Сала қызметкерлері — алдағы уақытта да әр қылмыстық істің ақ-қарасын ажыратып, қылмысты болдырмау мақсатында күресті күрделендіре түспек.
ТО ПД баспасөз қызметі