Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өтті

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№97 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 11 қараша күні «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында 8-11 сыныптардың ұл балаларының қатысуымен жиналыс өтті. Жиналысқа құқық қорғау органдарының қызметкерлері: Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ ЮПБ УПИ аймақтық полиция капитаны Шораев Ерғали Жұмағалиұлы, полиция лейтенанты Ермаханбетов Ерсін Еркінұлы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары А.А.Акбарова сынып жетекшілер қатысты. Жиналыс барысында «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арсында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама оқылды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 140 бабының 2 бөлімі. ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 442 баптың 1, 2 ,3 тармақтары, 434 б, 435 б, 127 баптың 1,2,3 тармақтары туралы айтылды. ҚР ӘҚБ Кодексінің 442 бабы Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы яғни оқушылардың түнгі уақытта заңды өкілдерісіз сағат 22:00 ден 6-ға дейін жүргенде ұсталса ата-аналарына 7 айлық көрсеткіш айыппұл салынады. Сонымен қатар 435 бапта Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық бойынша ата-анасына 7 АКП салынады және 436 бапта елдімекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтыратын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану бойынша қару тәркіленіп 20 АКП салынатындығын туралы айтылды . Жиналыс соңында оқушылар қонақтарға сұрақтар қойып, сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Сонымен қатар осы мектепте  “ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА — ҚАУЫМҒА ПАНА” жобасы аясында «ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ- БАСТЫ МІНДЕТ», «ЕЛІМІЗДЕГІ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАР» ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ тақырыбында ұлдар жиыны өтті. Жиынға 8-11 сыныптың ұл балалары, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ұлдар ұйымының жетекшісі, өзін-өзі басқару ұйымының фракция мүшелері қатысты. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөпірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, сонымен қатар ұлдар тәрбиесі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.