Кінәлі адамдар балаға қарсы қатыгез қылмыс жасағаны үшін жазаланды

Өткен жылы бала күтуші мен бірге тұратын көңілдес адамы жас баланы физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырату нәтижесінде оның өліміне әкеп соқты.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.

Сотта мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді, олар 17 және 23 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.