Елордалық прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғады

Балалардың құқықтары мен мүдделерін жан-жақты қорғау қала прокуратурасының басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Прокурорлар өз өкілеттіктерін іске асыру барысында, уәкілетті органдармен кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуына жол бергені үшін дереу ден қояды.

Қала прокуратурасы осы санаттағы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау тәжірибесіне талдау жүргізді. 

        Кәмелетке толмағандарға қатысты айыппұлдардың артық сомаларын салу және жауаптылыққа тарту мерзімдерін қолданудың ерекше тәртібін бұзғаны анықталды.

Қадағалау актілері негізінде уәкілетті органдардың 30 қаулысы заңға сәйкестендірілді, атап айтқанда 13 іс бойынша айыппұл соммасы төмендетілді, 17 іс – жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды.

Осылайша, әрекет ету шараларымен кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды, заңсыз тәжірибе тоқтатылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.