Кітапханашы — бүгінгі ақпараттық қоғамның ең керек мамандықтарының бірі. Бұл қызметшілер тек кітаптарды жинау мен сақтау ғана емес, сондай-ақ адамдарға білім мен ақпаратқа қолжетімділік қамтамасыз ететін мәдениет пен білім бұлағы болып табылады. Кітапханашының еңбегі әрдайым бағалы, әрі қоғамның дамуына баға жетпес үлес қосады.
Бүгінгі кейіпкеріміз — Есенкулова Сауле Шадмановна 1964 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келіп, 1983 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика мәдениет институтының кітапханатану-библиография факультетіне түсіп, 1987 жылы кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша тамандады.
Еңбек жолын 1988 жылы Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі №6 кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы болып бастаған.
2003-2023 жылдары аталған мекеменің №23, №7 кітапхана бөлімшесінде жетекші кітапханашысы қызметін атқарды.
2023 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №9 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқаруда.
— Кітапханашының жұмысы тек кәсіби міндеттермен шектелмейді. Олар қоғамның білім деңгейін арттыруға, ақпараттық теңсіздікті жоюға, мәдениетімізді сақтау мен дамытуға атсалысады. Кітапханашы — бұл тек маман емес, сонымен қатар қоғамның білімін арттыруға, мәдениетін сақтауға және дамытуға арналған тұлға, — деп атап өтті Сауле Шадмановна.
Кітапханашылардың еңбегі — болашақ ұрпақтың білімі мен мәдениетін қалыптастыруда, еліміздің өркендеуінде орын алатын маңызды рөлі бар. Сондықтан, кітапханашы болу — бұл жауапкершілігі мол, абыройлы, әрі қоғам үшін үлкен мәнге ие кәсіп.
Сауле Шадмановна! Сізге зор денсаулық, еңбекте табыс тілейміз!