Кәсіпкерлер адал қызмет етуі қажет

Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі  «АППАҚ» ЖШС ұжымымен кездесті.

Дөңгелек үстелге Департаменттің бас маманы Жазира Әлжанова, Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Замира Пірмат, Өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары Ауыл Қалыбеков және қызметкерлер қатысты.

Департамент өкілі Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен қолға алынған жобалар, бастамалардан, өңірлік сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген салалардан хабардар етті.

Ол қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, ашықтық қағидаттарын енгізуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға байланысты кешенді алдын алу жұмысына баса назар аударылғандығына тоқталды.

Спикер мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын сақтауға және аталған салада сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақыра отырып, адал қызмет ететін кәсіпорындарға мемлекет тарапынан әрқашан қолдау көп екендігін жеткізді. Сонымен қатар, бұл бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің рөлі жоғары екендігін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда Департаментке (Қазыбек би көшесі,3) немесе Агенттіктің тәулік бойы қызмет ететін 1424 Call-орталығына хабарласуға шақырды. Қатысушыларды жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидаларынан хабардар етті.

Кездесу соңында сұрақтарға жауап беріп, жеке кәсіпорындармен тікелей қарым-қатынас өңірде бизнестің дамуына кедергі келтіретін проблемалық учаскелерді анықтауға мүмкіндік беретіндігіне сенімін білдірді.

«АППАҚ» ЖШС — уранның өнеркәсіптік өндірісіне шыққан алғашқы қазақстандық-жапондық бірлескен кәсіпорын, құрылтайшыларының бірі — «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ болып табылады.