Кәсіпкерлерге жіберілген заңсыз хабарламалардың күші жойылды

Алматы ауданының прокуратурасы кәсіпкердің мемлекеттік органның іс-әрекетіне берген жолданымын қарау барысында елорданың 6 мыңнан астам бизнес субъектілерінің құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Уәкілетті орган жеке кәсіпкердің табысының ең төменгі жалақының 1 еселенген мөлшерінен кем екендігін тексермей, тиісті түрде анықтамай және заң бұзушылықтар сомасын көрсетпей, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеу туралы хабарламаларды негізсіз жолдаған.

Мұндай хабарламалардың орындалмауы үшін әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ салдарынан кәсіпкерлік қызметті тоқтата тұруға әкеп соғатын банк шоттарына тыйым салу көзделген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге жіберілген заңсыз хабарламалар кері қайтарылды.

Астана қаласының прокуратурасы