«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен «Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов Сайрам ауданында жолаушылар тасымалымен айналысатын «Олжас» ЖШС-ның ұжымымен жүздесіп, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында жүргізушілердің қатысуымен жиналыс өткізді.
Жиын барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев қатысушыларды ҚР Кәсіподақтар федерациясының Әлеуметтік мемлекетке 15 қадамды қамтитын «Кәсіподақтар – әділеттілік үшін!» сайлауалды тұғырнамасының негізгі басымдықтарымен таныстырып, еңбеккерлердің еңбек қауіпсіздігі басты назарда ұстайтынын алға тартып, еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.
Сондай-ақ өз кезегінде сөз алған жергілікті кәсіподақ төрағасы Али Мамедов жұмысшылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, еңбек қатынастарын реттеу және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктеріне тоқталып, осы ретте күнделікті жұмысын ұйымдастыруына көмектесетін нақты ақпараттармен бөлісті.
Жиын соңында кәсіподақ өкілдері қоғамдық көлік жүргізушілерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетерлігі, аудан халқы мен қонақтарына тұрақты тасымалдау қызметін көрсететін аталған кәсіпорында бүгінде 38 еңбеккер еңбек етуде. Олардың барлығы кәсіподақ мүшелері.
Сондай ақ «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы кезекті кездесуін «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен «Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов «Анарметов» ЖШС-ң кәсіподақ мүшелерімен өткізді.
Өңірде жолаушылар тасымалдауымен айналысатын кәсіпорында бүгінде 50 еңбеккер еңбек етуде. Олардың барлығы кәсіподақ мүшелері.
Жиын барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев қатысушыларға еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде айтып өтті.
Сонымен қатар, биыл Кәсіподақтар Федерациясының «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі басты назарда ұстайтынын алға тартып еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.
Кездесу соңында кәсіподақ мүшелерінің ұсыныстары тыңдалып, қойылған сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.