Отырар ауданының учаскелік полиция инспекторлары күнделікті қызмет атқару барысында жол белгілері талаптарын сақтамаған «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігін байқап, тоқтатпақ болған. Алайда көлік тізгіндеген ер адам тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынудан бас тартып, жылдамдықты одан әрі асырды. Полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстау үшін соңынан қызметтік көлікпен еріп жүріп, тоқтатты.
Тәртіп сақшылары көлік жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде зейнеткер автокөлік жүргізушінің мас екенін анықтады.
Қазіргі таңда масаң күйде көлік тізгіндеген ер адам 15 тәулікке қамауға алынып, автокөлігі айыптұраққа қойылды. Сондай-ақ сотпен 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі