Семинар-тренинг өткізілді

Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Қазір жастар арасында синтетикалық есірткі көп тараған. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1-қыркүйектегі Қазақстан Халқына жолдауында синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіріп отырғанын, уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастағанын, соған байланысты синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуі тиіс екендігін атап көрсетіп, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресу жұмыстарын жандандыру тапсырылған. Осы дерттің алдын алу үшін құқық қорғау органдарына тапсырмалар жүктелген.

 Парасат колледжінде Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының жоспары бойынша «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен „Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» жобасы аясында қатысуымен семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шарада Шымкент қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі — Б.Карбеков, психолог коуч-тренер К.Ертаев сөз сөйлеп тренинг өтті сонымен қатар, ақпараттық парақшалар таратылып сауалнама жүргізілді.

Жалпы бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің  арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі  болып тұр. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз.

Сонымен  қатар  Еңбекші АПБ ЖПК ЮПБ УПИ полиция қызметкерлері Парасат колледжінде кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын-алу барысында 1-курс студенттерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кәмелеттік жасқа толмағандар  арасында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың және өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу, денсаулыққа зиянды заттарды пайдаланбау туралы, өмірде болып жатқан мысалдарды келтіре отырып, кеңінен түсіндірме жұмыстарын жасады.

Кездесу барысында колледж  студенттері  көкейінде жүрген сұрақтар қойып, пікір алмасып, жастар  үшін өте керемет түсіндірме жұмыстарын жүргізгендері үшін келген қонақтарға алғыстарын білдірді.