Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен
сыйақылар заңсыз аударылған.Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн.
теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады.
Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы