Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайларға мониторинг жүргізілді

Мүмкіндігі шектеулі

Департаментің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» (Әрі қарай — Инспекция) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қызметті алушылардың кедергісіз қызмет алуына Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға қоғам өкілі ретінде қоғам белсендісі, республикалық «Уақыт талабы» газетінің Бас редакторы, «Ntime.kz» ақпараттық сайтының директоры Ж.Жайлыбаева қатысты.
Жұмыс барысында: мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайларға, қызмет алушыларды қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуына, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен т.б. мәселелерге қатысты мониторинг жүргізілді.
Осылайша, Инспекцияның қызмет көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоңырау шалу түймесі және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санузел орнатылмағаны анықталды.
Өз кезегінде, жұмыс тобының мүшелері аталған кемшіліктерді қалпына келтіру, қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне мұқият қарау қажеттілігін жеткізді.
Сонымен қатар, бақылау барысында, мемлекеттік қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды болдырмау, оларды жасауға ықпал ететін себептер, сондай-ақ, бюрократиялық мәселелер және оларды жою бойынша ұсыныстар айтылды.