Шымкенттік полицейлер оқушыларға құқықтық сауаттылық жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының анықтау бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры А.Мурсатовтың қатысуымен және ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірлесіп, С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, дәріс оқыды.Тәртіп сақшыларының бұл дәрісті өткізуінің негізгі мақсаты – дәстүрлі форматтағы оқу жылының басталуына орай кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау жайтын алдын алу, жолын кесу. Сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге бармауға шақырып, алкогольдік және темекі өнімдерін алмауға, түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта жүруге болмайтыны туралы түсіндіру болып табылады.Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың заңсыз сақталатын заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі және психотроптық заттар) алып жүруіне болмайтыны туралы айтылып, осындай құқық бұзушылықтар заң аясында түрлі жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Және де жоғары сыныптың оқушыларына жол жүру ережелерін жіті түсіндіріп, жолдан қауіпсіз өтуін сұранды.Дәріс барысында оқушылар туындаған сұрақтарына жауап алып, ​ өз ойларын ортаға салды.Тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі