Жат әдеттердің алдын алу мақсатында Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында Аймақаралық гуманитарлық-техникалық колледжі студенттерімен кездесу өтті. Мақсаты — есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының, пайдаланудың алдын алу.
Кездесуге ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог психиатр дәрігері Султанмуратова Раушан, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Әбуталиев Ержан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің бапкері Садыков Бахтияр, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы және Азия чемпионатының жүлдегері Шукурова Роза қатысты. Кездесуде жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері айтылды. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды. Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Ал спортшы чемпиондар жастарды спортпен айналысуға шақырды. Жастар тарапынан сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты. Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері жастарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.
Кездесу барысында денсаулық сақтау және ЖИТС-тің алдын алу орталығының маманы адам ағзасында қауіпті және қауіпсіз биологиялық сұйықтықтың жұғу жолдары және АИВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы айтып өтті. Сонымен қатар жастарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді. Шара аясында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында кітап оқуға шақырды. Сөз соңында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.