Саунада шетелдік қыздардың интим қызмет көрсетуіне жағдай жасаған 50 жастағы жеңгетайға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шаралар өткізу барысында Сарыағаш ауданы аумағынан жеңгетайлық фактісінің жолын кесті.

Нақтырақ айтсақ, «Шымкент-Ташкент» тас жолында орналасқан сауналардың біріне жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер, Сарыағаш қаласының 50 жастағы тұрғыны, яғни әйелді ұстады.

Тінту кезінде одан ақшалай қаражат пен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Сондай-ақ полиция бөліміне 9 жеңіл жүрісті қыз жеткізілді. Оның ішінде 6-ауы Өзбекстан азаматы болса, 3-еуі қазақстандық.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі