Экономикаға тартылған инвестиция көлемі бойынша Шымкент қаласы көш басында

инвестиция көлемі

Ауылшаруашылығы саласында оң өзгерістер көп. Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша былтыр 16 жоба, биыл 14 жоба жүзеге асырылып, 104 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Олар: 3 көкөніс сақтау қоймасы, 3 тауарлы сүт фермасы, 2 сүтті қайта өңдеу кәсіпорны, 2 құс шаруашылығы, 1 жылыжай кешені, 1 мал бордақылау, 1 көкөніс өңдеу, 1 құрама жем зауыты.
Алдағы уақытта 8,5 мың тонна ет, 52,5 мың тонна сүт және 160,0 млн дана жұмыртқа өндірілетін болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарды дамыту мақсатында аумағы 132 гектарды құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде 21 жобаға 23 млрд.теңге инвестиция тартылып, 1800-ден астам жұмыс орны ашылады.
Шаһарда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мен өнімділігін арттыруға субсидия асыл тұқымды малға, селекциялық асылдандыруға, өндірілген өнім мен жем-шөп шығындарының бір бөлігін өтеу үшін беріледі. Бұл бойынша нақты норматив бекітілген.
Соңғы жылдары экономикаға тартылған инвестиция көлемінің артуы бойынша Шымкент қаласы республикада алдыңғы қатардан көрініп келе жатқаны белгілі. Қалада көлемі 139 га құрайтын жылыжай кешендері тіркеліп, жыл сайын 15 мың тоннаға жуық өнім жиналуда.
Құны 650 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаны түріктің «Alarko Holding» компаниясы жүзеге асырады. Жалпы, жоба бойынша жаңа технологияларға негізделген жылыжай 500 гектар аумаққа салынып, 2000 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Сондай ақ, жылыжай шаруашылықтары құрылысына кеткен шығындарының 30%-ы субсидияланып, коммуналдық шығындарына 1 гектарына 4 млн. теңгеден 8 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорының айналым механизмі аясында 8,7 млрд. теңге қарастырылған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында тұрақты түрде азық-түлік жәрмеңкелері өткізіледі. Жәрмеңкеде 250-ге жуық тауар өндіруші, шаруа қожалықтар және көтерме сауда қызметімен айналысатын дистрибьюторлар қатысып, аптасына жалпы 170-180 тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар және күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары нарықтан 10-15 пайызға төмен бағада сатылуда. Жәрмеңкеге жауапты мемлекеттік мекемелер бекітілген.

Биыл қалада егістік жерлердің мақсаты құрылыс бағытына өзгеруіне байланысты 26,5 мың га жетіп, өнімділік 86,0 мың тоннаны құрайтын болады. Оның 11 мың гектарға жуығы – дәнді дақылдар. Малазықтық дақылдар – 9,0 мың га, көкөніс пен бақша – 3,1 мың га, майлы дақылдар – 3,0 мың га, картоп – 0,5 мың га егілді.