Түркістан қаласында «Нәтиже» пилоттық жобасы биыл мамыр айынан іске қосылды. Қызмет көрсетуші мекемелердің жауапты қызметкерлері нақтыланып, тізімі мен кестесі бекітілді. Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қабылдау (бұдан әрі – қабылдау) Түркістан қаласы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) лауазымды тұлғаларымен және қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің мемлекеттік қызметкерлерінен құралған Халықтық кеңсе арқылы жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсететін қалалық әкімдіктің 7 дербес бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету саласында кеңес беруді жүзеге асырады. Сондай-ақ қала әкімдігі жанындағы халықтық кеңседе жауапты мемлекеттік қызметші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету, кеңес беру, канцелярия қызметкері «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде азаматтардың өтініштерін тіркеп, қала әкімінің және орынбасарларының жеке қабылдауына тіркеу жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі. Қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол келіп түсетін өтініштер және Фронт-офиске келіп түскен өтінімдер негізінде жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласы бойынша консультативтік көмек беру күн сайын, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін. Сонымен қатар, Пиоттық жобаны іске асыру мақсатында, әкімдіктің және Халықтық кеңсенің айдарына: 1.Мемлекеттік корпорациялар мен әкімдіктердің жұмысы бойынша пилоттық жоба іске қосылды;
2.Халыққа қызмет көрсету орталығы және азаматтардың өтініштерін қарау бөлімінің бірлескен жұмыстарына арналған пилоттық жоба іске қосылды; 3. «Нәтиже» орталықтарындағы әкімдік пен ХҚКО қызметтері ұсынылған.
Ntime.kz