Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес, өңірлік өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту ел экономикасының маңызды бағыттарының бірі болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, Түркістан облысының құрамындағы Ордабасы ауданы — аграрлық мүмкіндіктерімен қатар өндірістік әлеуеті де жоғары аймақ. Ауданда көлік-логистикалық тұрғыдан тиімді орналасқан ауылдар мен өндірістік аймақтар бар. Сонымен қатар, Шымкент қаласына жақын орналасуы — дайын өнімді нарыққа жеткізуге ыңғайлы. Ордабасы ауданында өндірістік парк (индустриялық аймақ) салу жоспары — ауданның өндірістік әлеуетін тиімді іске асыруға бағытталған маңызды қадам.
Мемлекет басшысының инвесторлар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ордабасы ауданында нақты іс-әрекеттер жасалуда. Осы орайда аудан орталығы Темірлан елді мекенінде жаңа өндірістік парктің қазығы қағылды. Айтулы шараға қатысқан аудан әкімі Азат Оралбаев жобаның сәтті жүзеге асуына тілек білдірді.
Өндірістік парк аумағында жалпы құны 485 млн теңгені құрайтын 5 ірі жоба жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ, 60-қа жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Онда кір жуғыш ұнтақ шығару зауыты, көкөніс консервілеу цехы, полистерол блок шығару орны, өсімдік майын өндіру цехы мен жаяу жүргіншілер жолағына арналған плиталар мен жол жиектеріне қойылатын бетон өнімдерін дайындау жобалары жүзеге асырылмақ.
Жалпы аумағы 10,5 гектарды алып жатқан алып өндірістік парк — аудан экономикасына айтарлықтай серпін бермек. Аудан әкімі салаға жауапты мамандарға жобаға ұқыптылықпен қарау керектігін ескертіп, инвесторлар тарту жұмыстарын күшейте түсуді тапсырды.
Өндірістік парк – бұл кәсіпорындар үшін арнайы бөлінген, инфрақұрылымы дайындалған, инженерлік желілермен қамтамасыз етілген аумақ. Онда түрлі саладағы өндіріс орындары шоғырланып, тиімді жағдайларда жұмыс істей алады. Бұл модель кәсіпкерлерге шығынды азайтып, жұмысты жылдам бастауға мүмкіндік береді.
Ордабасы ауданында өндірістік парк салудың басты мақсаты – жергілікті және сыртқы инвесторлар үшін дайын инфрақұрылымды ұсыну, өндірісті дамыту, жұмыс орындарын ашу және ауданның экономикалық өсімін қамтамасыз ету.
Ордабасы ауданында өндірісті дамыту — өңірдің экономикалық әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл өнеркәсіп және индустриялық аймақтар құру секілді нақты жобалар қолға алынуы тиіс. Мемлекеттік қолдау, инвесторлармен серіктестік және халықтың белсенділігі ауданның өндірістік келешегін жарқын ете алады. Ауданда өндірістік парк салу – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдететін, кәсіпкерлікті өркендететін және халықтың әл-ауқатын арттыратын ауқымды жоба. Бұл бастама өндірісті шоғырландыру арқылы ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге, экспорт әлеуетін арттыруға және кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік ұсынуға бағытталған.
Аудан басшылығы мен қоғам тарапынан қолдау тауып, мемлекет тарапынан жүйелі қолдау көрсетілген жағдайда, өндірістік парк Ордабасы ауданының дамуына жаңа тыныс беретіні анық.