«Заң талабы» құқық қорғау орталығы ҚБ осы жылдың тамыз айынан бастап «Сovid-19 кезеңінде әйелдер мен жасөспірім қыздардың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» жобасын іске асыра бастады. Жоба Сорос-Қазақстан қорының «Адам құқықтары» бағдарламасының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты-Түркістан облысындағы қыздар мен әйелдердің құқықтарын қорғау және ілгерілету.
Қәзіргі таңда жоба аясында ұйым қызыметкерлері кәмілет жасқа толмаған балаларға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша мектеп мекемелрінде, қосымша білім беру ұйымдарында, ойын алаңдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Түсіндірме жұмыстары барысында қосымша балалармен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу, сезімін қалыптастыру, өзін-өзі қорғау, отбасындағы рөлдер, топпен жұмыс бойынша жаттығулармен ойындар өткізілуде.
Ұйымның статистикасы көрсеткендей, әрбір үшінші бала отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Сонымен қатар, кәмелет жасқа толмаған балалардың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгерлері болғаны алаңдатады. Олар отбасының бұл моделін өз өмірлерінде қабылдай алады. Осылайша, тұрмыстық зорлық-зомбылық ұрпақтан-ұрпаққа өтуі мүмкін.
«Жедел желі» телефонына түскен қоңыраулардың ішінде негізінен кәмелет жасқа толмағандар психологиялық көмекке жүгінеді. Арнайы бағдарламаларды әзірлеу арқылы кәмелет жасқа толмағандарға психологиялық көмекті жетілдіру қажет. Соңғы уақытта ұйымға суицидтік мінез-құлыққа қатысты өтініштер жиілеп кетті. Бұған да назар аудару керек.
Ұйымға Жанель есімді қыз жүгінді (аты құпиялылықты сақтау мақсатында өзгертілген). Жанельдің отбасында үнемі жанжал болып тұрады, әкесі анасына қол көтереді. Жанель анасына жақтап қорғағанда, әкесі оны ұрып-соғады. Мұндай қысымға, үнемі жанжалдарға шыдай алмаған ол өз-өзіне қол жұмсамақ ойлары болған. Ол ұйым психологына жүгінді. Артынша өз-өзіне қол жұмсаумен жұмыс істейтін маманға тартылды. Жанельдің анасына ұйымның заңгерлері некені бұзуға, алимент өндіріп алуға өтініш беруге көмектесті. Қазіргі уақытта Жанель өзін жақсы, қауіпсіз сезінеді.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық өте ауыр зардаптарға әкеледі. Әрбір баланың қорғалуға құқығы бар.
Ұйымда «жедел желі» телефоны жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз+ 7 747 403 40 69, онда сіз тегін заңгерлік және психологиялық көмек ала аласыз. Толық ақпарат алу үшін жоба үйлестірушісі Пернебекова Эльмираға +7 (747) 403-40-69 байланыс нөмірі немесе пошта zan.talabi@gmail.com арқылы хабарласа аласыз.
«Заң талабы» құқық қорғау орталығы