Пробациялық бақылау бағытында рейдтік іс-шара өткізілді

Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі.  Түркістан қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласының пробация қызметі мен полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары бірлескен жедел-профилактикалық рейдтік іс-шара өткізді.
Рейдтік іс-шараның мақсаты – пробациялық есепте тұрған адамдардың қайтадан қылмыс жасауының алдын алу, оларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
​Іс-шара барысында пробация есебінде тұрған адамдардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жүргізіліп, олармен профилактикалық сұхбаттар өткізілді және жаза өтеу шарттары түсіндірілді. Сондай-ақ спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және өзіне деген сенімін арттыру болып табылады.
Мағыналас іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.  Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудегі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналастыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психологиялық көмек беру және өзге де әлеуметтік-құқықтар жатады.

Айта кетейік, пробация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, есепте тұрғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдармен, азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де заңды тұлғалармен өзара әрекеттесе отырып атқарылатын қызмет түрі.  Азаматтардың қылмыстық сот төрелігіне түсуін азайту, қылмыстық жазалау шараларын азайту мақсатында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдану үшін жағдайлар жасалған, жаңа Қылмыстық кодексте бірқатар санкциялар жеңілдетіліп, сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату уақыттары азайтылды.