«Заң және тәртіп» қағидаты бойынша Шымкентте 2025 жылдың 5 қаңтардан бастап отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында жаңа бөлім өз қызметін бастады. Бұл бөлім тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте жинақталған жүйелік мәселелерді шешуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Полиция қызметкерлері отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, зардап шеккендерге көмек көрсету және құқық бұзушыларды жауапқа тарту бойынша белсенді жұмыс атқаруда.
Атап айтсақ, Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша «Есепте тұрған тұлғалар» іс-шарасы бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Онда жыл басынан бері «102» арнасына Абай ауданы бойынша 126 қоңырау келіп түскен. Оның ішінде қорғау нұсқамалары бойынша 121 қоңырау түсті.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері азаматтардан өтініштер қабылдайды, тексерулер жүргізеді, зорлық-зомбылық жағдайларына жедел түрде ден қою үшін мекенжайларға барады. Олардың міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу ғана емес, сонымен қатар отбасылармен жұмыс істеу, профилактикалық әңгімелер жүргізу және психологиялық қолдау көрсету арқылы мәселені шешу болып табылады.
—
Шымкент Қаласының ПД