Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру қоғамның құқықтық тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып  жатыр.

С.Ерубаев атындағы №7мектеп интернаты»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 09.12.2022ж 8-11сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Түркістан қаласы прокуратура қызметкері Б.Жумабай, КТІ комиссия мүшесі Е.Төрехан,медицина қызметкері М.Атаханова, мектеп инспекторы Н.Нуриллаевпен кездесу жиналыс өтті. Кездесуге келген қонақтар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып,құқық бұзушылық және қылмыстың белгілері мен,түрлерімен таныстырды.Қалада жасөспірімдердің қылмысы көбейіп отырғаны туралы баяндады.Сондықтан ата аналарын,ұстаздарын тыңдап,түрлі үйірмелерге қатысып, білімдерін арттырып,еліміздің керемет азаматы болуға шақырды.Сондай -ақ, мектеп психологы Г.Тәжіқожа оқушыларға » Буллинг,кибербулинг алдын- алу және болдырмау» туралы баяндама жасап,треннинг өтті.

Соңғы жылдары сандық технологиялардың дамуы себепті балаларға қатысты зорлық түрлеріне кибербуллинг немесе онлайн қорлау қосылған. Соның кесірінен жасөспірімдер ғаламтордағы белгісіз топтардың құрбанына айналып, тіпті араларында өз-өзіне қол жұмсайтындары да бар. Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды.                                                                   Кибербуллинг жасайтындардың арасында педофилдер көп кездеседі. Олар балаларды алдап-арбап, желіге жалаңаш түскен видео не суреттерін салуға көндіреді Кейін сол суреттерді жұртқа жария етемін деп қоқан-лоққы жасау арқылы кездесуге шақырады не ақша бопсалайды. Ал қысымға шыдамай, шарасыз күйге түскендері көп жағдайда өзіне қол салады.                                          Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар болуы тиіс. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау керек. Құқық бұзушылықтың алдын  алудың бірден бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уаққытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.  Яғни, пайдалы үйірмелер мен спорт секцияларына қатысып, бойындағы талантын таныған бала кибербуллингке тап болмайды.                                                   Жиналысты мектеп директоры Ә.Ш.Өтекей келген қонақтарға алғысын білдіріп,жиналысты қорытындылады.