Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі қоржында

олимпиадасының

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан-1 командасы Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін еліміздің қоржынына салды. Алғаш рет олимпия ойындарына қатысып тұрған Ислам Сәтпаев пен Александра Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті.

«Сүйінші, ардақты ағайын! Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі қоржынға түсті. Жарыстың алғашқы күнінде мергендеріміз — Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдегері атанды! Баршаңызды осынау айтулы нәтижемен шын жүректен құттықтаймын! Мергендеріміз қола жүлде үшін таласта Германия өкілдерінен басым түсті. Олардың жеңісті жолы басқа отандастарымызға да жұғысты болсын! Мергендеріміз алдағы уақытта да жанкүйер қауымды қуантады деп сенемін. Өйткені олардың мүмкіндігі жоғары. Бұл жетістік аталған спорт түрінің біздің елде қарқынды дамып келе жатқандығының жарқын көрінісі. Мергендеріміз мүлт кетпесін! Тілектеспіз!»— деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, мергендеріміз ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған. Ислам мен Александра дуэті — былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері.



Be the first to comment on "Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі қоржында"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*