Полицейлердің жұмысы қоғамдық тыныштықты қамтамасыз етіп қана қоймай, халықты құжаттандыру ісінде де атсалысады. Мәселен, Қазығұрт ауданы көші-қон қызметі тобының полиция капитаны Болат Исмаилов елдің алғысына бөленді. Ол Есік Шанақ ауылында тұратын 41 жастағы Гүльнара Ермековаға көмек көрсетті. Яғни, тұрғын материалдық жағдайы болмағандықтан, Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алмай, бұрынғы туу туралы куәлікпен жүрген.
Рейдтік профилактикалық жұмыс жүргізу барысында тұрғынның жағдайын білді.
Содан 100 шақырым қашықтықта тұратын азаматшаға құжат даярлауға қажетті шараларды атқарып, тез арада жеке куәлігін рәсімдеп берді. Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алғанына қуанған ауыл тұрғыны шынайы көмек көрсеткен полиция қызметкеріне алғысын білдірді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі