Шымкенттік тұрғынды шетелге жұмысқа тұрғызып беремін деп 2 млн. теңгесін жымқырған

Бүгінде қомақты табыс табуға болады, шетелге жұмысқа тұрғызып беремін дейтін алаяқтардың қатары артып отыр. Құқыққорғаушылар оларға қарсы «майдан» ашып, алдын алу жұмыстарын жүргізуде. «Шетелге жұмысқа орналастырып беремін» деп, алдын ала сыйақы ретінде ақшасын алып, алдап кеткен. Оқиға Шымкент қаласында орын алды. Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, танысы «Щвецияға жүк көлігінің жүргізушісі ретінде тұрақты жұмысқа орналастырып беремін» деп алдын ала 1 842 500 (бір миллион сегіз жүз қырық екі мың бес жүз) теңгесін алып, осы уақытқа дейін уәдесін орындамай немесе ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.

         Аталған дерек Құқық бұзушылық Кодекс бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Әл-Фараби Аудандық полиция басқармасы   Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Жасы-43-те, жұмыссыз. Бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болған.

         Қазіргі кезде ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

         Бүгінде  осылай шетелге барып жұмыс істеймін деп арадағы делдалға жем болатындар қатары артып барады. Тіпті, бар ақшасын жинап, тіпті, қарызға немесе несиеге батып өзге мемлекетке барып,  сан соққанын біліп, қайтарға ақша таппай жатқанда да бар көрінеді.

         Жауаптылар, шетелде жұмысқа тұрғызуды ұсынатын компаниялардың көбейіп кеткенін де жеткізді. Интернетте олардың жарнамалары өріп жүр. Аталған компаниялар жұмысқа тұрғызуға кепілдік бермейді. Бірақ ақшаны алып қалады. Ал Қазақстан азаматтары шетелге барғаннан кейін алданып қалғандарын түсінеді. «Делдалдар жарнама жасап, шетелде жұмысқа тұрғызамыз дейді. Алайда адамдар сол жаққа барғаннан кейін алданып қалғандарын түсінеді. Елшілікке барып, көмек сұрайды. Сондықтан алдымен баратын елдің заңдары мен ережелерін оқып алған дұрыс. Сөйтіп, бәрін заңды түрде жасаған жөн», – дейді