Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаментінің «ciberpol» тобының қызметкерлері интернет-алаяқтық жасады деген күдікті анықтады. Ол облыс аумағында алаяқтықтың 2 фактісіне қатысы бар Шымкент қаласының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты. 30 жастағы әйелдің әлеуметтік желілерде ақшалай қаражатты «қолма-қол ақшаға айналдыру» бойынша қызметтер туралы хабарландыру жариялағаны анықталды.
Мәселен, Сарыағаш ауданының екі тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болып, күдіктіге 120 мың теңгеден астам қаражатын берген. Көрсетілген фактілер бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.
Полицейлер бүгінде алаяқтар азаматтардың сеніміне ие болып, мүлкін иемденудің әртүрлі тәсілдерін ойлап тапқанын еске салады. Интернет-алаяқтардың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдарға сеніп, жеке деректерді хабарлауға немесе күмәнді шоттарға ақша аударуға болмайды.