Тараз қаласының полициясына облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны түнде белгісіз адамның қала ішіндегі көлік жуу орнындағы жайдан сейфтің құлыпын бұзып, 40 000 теңге сомасындағы ақшаны ұрлап кеткені туралы арызданған.
Жедел-іздестіру іс- шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласының 19 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ЖО ПД баспасөз қызметі