«Ұлылардың ұлысы — Абай» тақырыбында поэзия кеш өтті

поэзия

Сайрам Аудандық Балалар Кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлына арналған «Ұлылардың ұлысы — Абай» тақырыбында поэзия кеш өтті. Бұл кеште ұлы Абайдың өнегелі өмірінен үзінді көрсетіліп, ақыннның даналығын, рухани асыл мұрасы насихатталып, өлеңдері оқылып, әндері айтылды.

Тағылымды шараның мақсаты Абай шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттап, оларды Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілтуге бағытталды. Абайтанудың мектеп бағдарламасында оқылуын үш кезеңге бөліп қарайтыны баса айтылды. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай, «Бала Абай», «Ақын Абай», «Хакім Абай» деп кезең-кезеңмен түсіндіріп өтті. Абай қазақ руханиятының басты тұлғасы. Оның шығармалары қазақ халының асыл мұрасы болып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп қана қоймай, әлем тілдеріне аударылып, ғаламға тарады. Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың 175 жылдығын бүкіл республика бойынша атап өту туралы қаулыға қол қойған болатын. Бұл қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық. Себебі, Абай әр қазақтың сүйікті ақыны. Абай Шығыс пен Батыстың мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Ендеше ұлы ойшылдың болашаққа қалдырған мол мұрасын дәріптеу – біздің міндетіміз. Қазақ елі барда Абай мәңгі тірі.

Аталмыш шараға жиналған оқырмандар мен қонақтар алдымен Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абайды оқы, таңырқа» атты кітап көрмесімен танысып, Абайдың балалық және жастық шағы туралы бейнефильмді тамашалады.

Сондай-ақ, келелі кездесу барысында Абай өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқылып, «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» атты әндері орындалды.

Ақылдылықтың басты белгісі ретінде арнайы дайындалған «Даналық ағашынан» Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты әдеби сұрақтар қойылып, қатысушыларға Абай күніне арналып жасалған күнтізбелік кітапшалар табысталды.