Лездемелік мәжіліс болып өтті

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов кезекті лездемелік мәжіліс өткізді. Күн тәртібінде аудан бюджетінің игерілуі және тексеру комиссиясының жүргізген аудиторлық іс- шарасы қаралды.

Ауданда биылғы 8 айда жергілікті бюджетке 6 153,0 млн.теңге сомасына кіріс түсіп, жоспар 109,1%-ға орындалған. Өткен жылмен салыстырғанда түсім 2 226,0 млн.теңгеге артқан, ал өсу қарқыны 56,7%-ды құрауда. Бұл туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева баяндады.

Бұдан бөлек жиналыста аудан бюджетінің шығыстары да айтылды. Белгілі болғандай 8 айда аудан бюджетінің шығыстарына 11 124,2 млн.теңге жоспарланған. Оның игерілуі 11 080,4 млн.теңгені немесе 99,6%-ды құрады. Атқарылмау 43,8 млн.теңге соммасында.

Ең ірі көлемде игерілмеу құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінде орын алған. Бұл ретте аудан әкімі Арман Сәбитов жыл соңына дейін бюджетті игеруді тапрсырды.

Жиын соңында аудан әкімі Арман Сәбитов «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында іске асырылып жатқан жобалардың МСА рәсімдерін шұғыл түрде аяқтап, қаржылардың мерзімінде игерілуін тапсырды.