NHI Президенті Ким Че Хванмен кездесу өтті

Президенті

2024 жылғы 20 мамырда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен NHI Президенті Ким Че Хван мен KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің төрағасы А. Арыстановтың кездесуі өтті. Орталық Азия елдерінің мемлекеттік қызметшілерін оқытуға, оның ішінде жасанды интеллектті пайдалану тақырыбына бағытталған жобалар талқыланды. Корея тарапы Кореяның озық технологиялар институтымен бірлесіп әзірленген мемлекеттік саясатты қалыптастыруда АИ бойынша оқу құралын ұсынды.

KOICA Кореяның халықаралық ынтымақтастық агенттігі KazAID іске асыратын «Достық: цифрландыру» бағдарламасына қатысуға қызығушылық білдірді.

А. Арыстанов үшжақты және көпжақты деңгейлерде (KazAID-APA-KOICA-NHI) әріптестікке дайындығын растады.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі техникалық мәселелерді талқылау үшін жауапты тұлғалар тағайындалды.

ҚР СІМ «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Баспасөз қызметі