Прокуратура инвесторға жер учаскесін алуға көмектесті

арена

​Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Елордада «BM Sport» ЖШС жарты жыл бойы манежі бар футбол алаңдарын орналастыру жобасын іске асыру үшін 2 жер учаскесін бөлуге қол жеткізе алмаған.​

Инвестордың уақытша өтеулі жер пайдаланғаны үшін 5 млн теңге төлегеніне қарамастан, бұл мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмеген.

Прокурорлық қадағалау актісі енгізілгеннен кейін инвесторға жер учаскесі берілді.

Прокуратура қабылдаған шаралар жобаны іске асыруды жалғастыруға ықпал етті, бұл 1000-нан астам балалар мен жасөспірімдерге спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, проблемалық мәселелер туындаған кезде инвесторлар бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың 8-747-216-15-58 телефоны арқылы жүгіне алады.

Астана қаласының прокуратурасы