Елорда прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ықпал етуде

Астана қаласының аудандық прокуратураларында елордалық инвесторлармен, кәсіпкерлермен, уәкілетті органдармен, «Атамекен» ҰКП кездесулер өтті.

Кездесудің мақсаты – проблемалық мәселелерді талқылау, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасында сенімді өзара іс-қимыл орнату және инвестициялық ахуалды жақсарту.

Отырыс қорытындысы бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шешім қабылданып, жеке кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешу үшін ауызша түсініктемелер берілді.

Елорда прокуратурасы «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, әр бейсенбі сайын сағат 15.00-де кәсіпкерлерді қабылдау өткізетінін естеріңізге саламыз.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерді апталық қабылдау кестесі (Б.Момышұлы көшесі, 2/1)

Прокуратураның атауыАпта сайын  бейсенбі күндері сағат 15.00-де
1.«Алматы» ауданының прокуратурасы  16.11.2023ж.
2.«Байқоныр» ауданының прокуратурасы  23.11.2023ж.
3. «Есіл» ауданының прокуратурасы  30.11.2023ж.  
4. «Нұра»  ауданының прокуратурасы  07.12.2023ж.
5.«Сарыарқа»  ауданының прокуратурасы  14.12.2023ж.
6.Астана  қаласының прокуратурасы21.12.2023ж.
Астана қаласының прокуратурасы