Радио — үлкен сала. Ол интернет жоқ кезде ақпарат таратудағы ең жылдам құрал болатын. Десе де, радио сол қызметін әлі де мүлтіксіз атқаруда. Әсіресе, ғаламтор жете қоймаған қойнаудағы қазақ ауылдары мен жолға шыққан жолаушылар радио арқылы жаңалық естіп, ақпарат алып отыр.Сайрам ауданың әкімі Арман Сәбитовтің тапсырмасына сәйкес, енді еліміздегі «Қазақ Радиосы», «Шалқар» сынды радиоларды ауданға қарасты ауылдарда күнделікті тарату қолға алынуда.
Жаңадан іске қосылғалы жатқан игі бастама аясында аталмыш радиотолқын желілері тұрғындарға мемлекеттік тілде тәулік бойы елден айшықты ақпараттар жеткізеді. Бұдан бөлек, олардың әсем-әуен, әуезді күймен сусындап, рухани тұрғыда қуаттануына өзіндік үлесін қоспақ. радиохабарын таратудың міндеттерін айқындайтын болсақ, оның ауқымы кең екендігіне және қоғамдық сипаты басым екендігіне назар аударамыз. Өйткені, радионың аудиториясы кең, оның тыңдармандары қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары, хабардың өзі әр түрлі жағдайда тыңдалады. Радиожурналист те қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді мүшесі ретінде көпшлік мүддесіне кызмет етеді, солардың ақпараттық және рухани сұраныстарын ескереді. Оның қоғамдық санаға керні ықпал етуге жалған ақпарат таратуға, немесе бұрмалауға еш құқы жоқ. Түптеп келгенде радиожурналистика да өзінің мақсаттары мен мұраттарын қоғамдық қатынастармен байланыстырады.
Осылайша, халық көп орналасқан қоғамдық орындар мен орталық көшелерде, мәдениет ошақтарында көпшілікке түрлі тақырыптардағы танымдық дүниелердi тыңдауға мүмкіндік туады. Себебі, бұл — қазіргі таңда өскелең ұрпақтың салиқалы, сындарлы тұлға ретінде қалыптасуы жолында маңызды қадамдардың бастамасы болып саналады. Сондықтан бұл игі іс алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасын табады.
Қазақстан аумағындағы алғашқы радиостанция 1912 жылы пайда болды. Республикалық радио тарату тарихында Ташкент радиосының үлесі үлкен. Ол Түркістан өңіріне қазақ және орыс тілінде хабар таратты. 1921 жылы бүгінде ұлттық брендімізге айналған «Қазақ радиосы» пайда болды. Ал 1931 жылы Алматыда кеңтаралымды ұзақтолқынды радиостанция құрылды. Қазіргі таңда «Қазақ радиолары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Қазақ», «Шалқар» , «Астана», «Классик» радиолары кіреді.