Сайрамдық сақшылар үш күнде жол ережесін бұзған 66 көлікті анықтады

Сайрам аудандық Полиция басқармасының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш тәулігінде 245 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша 21 жайт, 606-бабы «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы» 2 жайт, 600-бап «Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу» бойынша 2 жайт, 591-баппен « Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» 9 құқық бұзушылық тіркеп, оларға қатысты хаттама толтырды.

Жедел-профилактикалық шараның 3 күнінде жол ережесін бұзған 66 көлік анықталды. Ресей Федерациясының 1 автокөлігі айыптұраққа қойылды.

Сонымен қатар аудан бойынша жыл басынан бері 1000-нан астам Ресей Федерациясынан әкелінген автокөліктерге қатысты түрлі баптармен жауапкершіліктері қаралған. Оның ішінде 200-ден астамы айыптұраққа қойылған.

Түркістан облысының полицейлері, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға ережелерді қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Жол қателіктерді кешірмейді!

ТО ПД баспасөз қызметі