Ресейден автокөлік алып келемін деп ақшасын алып кеткен 2021 жылдың 04 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің «102» арнасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған деп хабарлайды Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі .
Ол өз арызында, бейтаныс азамат Ресей мемлекетінен автокөлік алып келемін деп, алаяқтық жолмен 400.000 теңге ақшасын алып, осы уақытқа дейін ақшасын қайтармай жүргенін көрсеткен. Полиция қызметкерлерімен жедел іс-шара жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.