Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай саяси партиялар филиалдарының басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Келелі жиында саяси партиялардың қатысуы, партиялық тізіммен депутаттыққа кандидаттар ұсыну, сайлау жарнасы және қоры, тағы басқа мәселелер талқыланды.
Семинарға «Amanat партиясы» облыстық филиалының атқарушы хатшысы А.Д.Үмбеталиев, «Ауыл халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» облыстық филиалының төрағасы Н.Н.Әжіметов, «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» облыстық филиалы төрағасының орынбасары Н.Есенбаев, «Қазақстан Халық партиясы» облыстық филиалы төрайымының орынбасары Т.А.Тұрғанбай, «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» облыстық филиалының төрағасы Б.С.Нәлібай, «Respublica партиясы» облыстық филиалының төрайымы Б.М.Срақұлова қатысты.
Кездесуде депутаттыққа кандидаттарды ұсыну барысында туындап жүрген сұрақтар талқыланып, пікір алмасумен жалғасты. Жұмыс барысында туындайтын сұрақтар бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссиясына хабарласып, жауап алуларына болатыны да ескертілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі