Түркістан облысындағы Мемлекеттік шекарадан өту туралы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жыл 30 сәуіріндегі №17 Қаулысына сәйкес, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған ҚР-ның  азаматтарын және ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды қоспағанда, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде барлық келетін адамдар Анықтаманы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынуға міндетті делінген деп хабарлайды ҚР ДСМ Баспасөз орталығы. 

Яғни, вакцинаның толық курсын алған азаматтар шекара бекеттерінен өтерде полимеразды тізбекті реакцияға тест тапсырмайды. Бұған дейін, қолында ПТР тесттің анықтамасы болмағандар кемінде 2 күн карантинге жатқызылатын. Вакцинаның екі компонентін қабылдағандар шекарадан өту уақытын да үнемдемек.  Қазақстан-Өзбекстан шекарасында Келес, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарына қарасты   “Қонысбаев”, “Қапланбек”, “Жібек жолы”, “Қазығұрт”,  “Атамекен”  өткізу бекеттері орналасқан.  Қаулы күшіне енген сәттен бастап вакцинаның толық курсын қабылдаған 30-ға жуық азамат «Жібек жолы»   кедендік бекетінен өткен.

 2021 жылдың басынан аталған  5 бекеттен жалпы 130435 азамат өткен. Одардың   84139-ы  жолаушы,  46296- жүргізуші.  Шекара бекетінен өткен  27611 адам тапсырып, нәтижесінде 20 азаматтан covid-19 анықталды.