Ұлттық құндылықтарды ұлықтауда ұлттық өнердің алатын орны ерекше. Сайрам аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі ән өнері үйірмелерінің жетекшілеріне арналған облыстық семинар-кеңес сәтті өтті. Шара барысында қатысушылар ұлттық өнердің бай мұрасымен танысып, фойеде қылқалам және қолөнер көрмесін тамашалап, естелік суретке түсті.
Семинар-кеңесті аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов пен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асылхан Темірханұлы ашты. Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйі өнерпаздары ұлттық өнеріміздің ерекше туындыларын орындады.
Шара аясында Арқа, Жетісу және Оңтүстік мектептерінің ән салу ерекшеліктері, домбырамен ән айту шеберлігі, жас буынға терме мен жырды үйрету әдістері бойынша тәжірибе алмасу өтті.
Семинар-кеңес ұлттық өнерімізді жаңғыртуға бағытталған маңызды алаң болды.