Тіркеу қызметі саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша семинар-дәріс өтті

Бүгін Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Балжан Алипбектің төрайымдылығымен Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі А.Әмірғалиевтің 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, тіркеу қызметі саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру тақырыбында семинар дәріс өткізілді. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес әзірленді және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге мемлекеттік қызметті Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Мемлекеттік корпорациясы көрсетеді.Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды мемлекеттік тіркеуді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүргізеді.Құрылған, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді, жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, заңды тұлғалардың қорлары мен бірлестіктерін есептік тіркеуді, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.Коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.