Сайрам ауданы әкімінің сайлауы басталды

Сайрам ауданы әкімінің сайлауы басталды

Бүгін Сайрам ауданында ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңының 113-1 бабы, 1 тармағы 2) тармақшасы негізінде бұрынғы әкімнің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтауына байланысты аудан әкімінің сайлауы өтуде. Жергілікті халық аудан әкімін тікелей сайлау арқылы таңдап, дауыс береді. Әкімдерді тікелей сайлау — Президент реформаларының бірі.

Сайрам ауданында барлығы 89 сайлау учаскесі құрылған. Мұнда барлығы 635 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Ал, аудан бойынша 138 762 сайлаушы тіркелген.

Таңғы 07.00-де барлық учаске ашылып, өз жұмысын бастады.

Дауыс беру үй жайлары барлық талаптарға сай жабдықталып, бюллетеньдермен қамтылды. Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалып, үйден дауыс беруге өтініш қалдырған азаматтар үшін тасымалданатын жәшіктер апарылатын болады.

Дауыс беру жергілікті уақыт таңғы сағат 07.00-ден басталып, кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін арттыру да маңызды.

Осыған сәйкес, ел Президентінің бастамасымен, 2023 жылдың 5 қарашасында елімізде алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін пилоттық режимде сайлау өткізілген болатын.