Сайрам ауданында 40 гектардан астам жерге жылыжай өнімдері егілді

Сайрам ауданында 41,7 гектар жылыжайлар аумағына қияр, қызанақ, баялды, болгар бұрышы, лимон егілді. Сондай-ақ, аулалар мен көшелерді көріктендіру мақсатындағы гүл көшеттері де жылыжайларда өніп жатыр деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарасу ауылдық округіндегі 30 адамды жұмыспен қамтып отырған «Нар-Ата» шаруа қожалығында болды. Аталған жылыжай 2020 жылдың қазан айында өз жұмысын бастаған. Қожалық басшысы Е.Элдарбек егіншілік жайын айтып, сол маңда инфрақұрылым жүйесін жақсарту туралы өтінішін жеткізді. Аудан әкімі тиісті шешімдер қабылданатынын мәлімдеді.

В Сайрамском районе более 40 гектаров земли засеяно тепличной продукцией

В Сайрамском районе на площади 41,7 гектара теплиц засеяны огурцы, помидоры, баклажаны, болгарский перец, лимон. Также в теплицах проращивают саженцы цветов для благоустройства дворов и улиц передает Региональная служба коммуникаций Туркестанской области.

Аким района Уласбек Садибеков посетил крестьянское хозяйство «Нар-Ата» Карасуского сельского округа, где трудоустроено 30 человек. Данная теплица начала свою работу в октябре 2020 года. Глава хозяйства Е.Эльдарбек рассказал о сельском хозяйстве и обратился с просьбой улучшить систему инфраструктуры. Аким района сообщил, что будут приняты соответствующие решения.