Салтанатты жиын өтті

Ш.Қалдяқов атындағы облыстық филармонияда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының ТЖ департаменті салтанатты жиын өткізді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің құттықтау сөзін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы полковник Мадияр Жақсибаев жеке құрамға жеткізді.Сонымен бірге қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыстың жоғары нәтижелеріне қол жеткізгені және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін департаменттің бірқатар қызметкерлері салтанатты түрде мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Мерекелік медальмен наградтау туралы жарлығына сәйкес «Қазақстан тәулсіздігіне 30 жыл» медалімен 13 қызметкер, Шымкент қаласы әкімінің атынан Алғыс хатпен 15, Шымкент қаласы Маслихатының Алғыс хатымен 8 қызметкер марапатталды. Сондай-ақ ТЖ департаментінің 40-тан аса қызметкерлері төтенше жағдайларды алдын алу және жою саласына қосқан үлестері үшін грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы