Құқық мәдениеті және құқықтық сананы жетілдіру

Ы. Алтынсарин атындағы №65 гимназия -мектебінде құқықтық декада аясында «Өз құқығыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Мақсаты: Құқық мәдениеті және құқықтық сананы жетілдіру, заңды іс-әрекетке саналы түрде ұмтылуға баулу, оқушылардың бойында жағымды қасиеттерді жетілдіру. Құқықтық нормалар және заңның талаптарына сәйкес өзінің құқықтық білімін күнделікті өмірдің нақты жағдайларына пайдалана білуін дағдыландыру.

Әр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқық бұзбау әрекеттері жөнінде ой бөлісу, өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін еріксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу. Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу жолында құқықтық тәрбиенің маңызын аңғарту.

Дөңгелек үстел басына оқушылармен ой бөлісіп, пікірлесуге Шымкент қаласы прокуратурасының Басқарма прокуроры әділет кеңесшісі Тулеев Бақытжан Тастанбекұлы келді. Оқушылар көкейтесті сұрақтар төңірегінде ашық пікірлесіп ой бөлісті.

Бақытжан Тастанбекұлы оқушыларға мемлекет заңдарының сан алуан күрделі қоғамдық қатынастарды қалыптастырып, реттейтін құдіретті құрал екеніне тоқталып, мектепті бітірген соң, таңдап алған әлеуметтік өмір саласын реттейтін заңдардың негізін білу шарт екенін атап өтті. Жоғары сынып оқушылары мемлекет, қоғам ісін басқаруға дағлынуы, үйренуі керек. Мұндай дағдыны бойға сіңіру, әдетке айналдыру үшін әрбір оқушы мектептегі, мектептен тыс оқу тәрбие, қоғамдық жұмысқа белсене қатысуы керек. Әрбір оқушы өзін өмірге даярлап, мектепте белгілі бір мамандыққа үйренуіне жол ашылады. Демек, оның қоғамға пайдалы еңбекке дұрыс қарауы, өнімді еңбекке құштарлығы, еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауы еңбектік қатынастарды реттейтін заңдарды орындаудың негізі деп ойын білдірді.

Өз кезегінде оқушылар да қоғам мен мемлекет алдындағы міндет: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу,заңда құқықтар ғана емес, міндеттердің де қатар жазылылатындығын туралы пікірлерін білдірді. Жалпы оқушылыр дөңгелек үстел басында «Біреудің тарапынан құқығыңыздың (ата – ана, мұғалім, құрбы –дос, туыс, т.б.) бұзылғаны болды ма?», «Сіз неге құқылысыз?», «Құқық бұзылмауы үшін не істеу керек?» «Құқық бұзбауға қосар үлесіңіз қандай?» деген Мектептерде құқықтық қолдау орталықтарын құрудың үлгісін құру. Орталықтың негізгі қағидалары: әрбір құқықтық кеңес сұраған адамның кез келген ақпаратты алу мүмкіндігінің болуы.

Қорытындылай келе, бүгінгі пікірталас, ой бөлісуден әр бір бала өзіне құнды, қажетті ақпаратты ала білді.