Мешіт – Алланың үйі, ал мешітке келуші Алла тағаланың құтты қонақтары.
Дін мен дәстүріміз бірге қиылысқан, әдемі үндестік пен үйлесімділік ұштасқан үшінші мегаполисте «Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешіт» ашылды. Бұл мешіт қаламыздың ғана емес Орта Азиядағы ең көрнекті, рухани бағыт-бағдар беретін орындардың бірі болатынына сенімдіміз.
Қонақтарымыз — Мешіттің теңдесі жоқ ғажап сәулет құрылысы мен қазақи нақыштағы ою-өрнектерімізге куә болып, мұсылмандығымыз бен имандылығымызды паш ететін азан үнін естіп, құлшылықтарын орындай алатын болады. Гүлзарлар мен субұрқақтарды тамашалап, ауқымды кітапхана қорынан, ғұлама ұстаздардың біліміне сусындап- жан тыныштығына бөленеді. Қонақтарымыздың жайлылығы үшін Мешіт аумағында орындықтар, отбасылық тағамдануға арналған кафелер, сауда орындары, көлік тұрақтары ойластырылған. Салт-дәстүріміз бен Ислами шариғат бағдардағы барлық іс-шараға арналған; Неке қию залы, балл рум, конференц залдары орналасқан. Жас буынның ой-өрісінің дұрыс қалыптасуына,білім нәрімен сусындауына көңіл бөлініп – Медресе қызметке қосылуда.
Сейітжан қари Есжанұлы атындағы Үлкен мешіт Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. Бір мезетте 12 мыңға адам мінәжәт ете алады.
Үлкен іс-шара атқарылып, Мешіт- Ислам дінімізге, халық разылығы мен игілігіне ғасырлар бойы қызмет етуін нәсіп етсін.